Ауғанстанда тұтқындар түрмеден қашып кеткен

Ауған полициясының хабарлауынша, өткен түнде Фарах провинциясындағы түрмеден ондаған сотталған қашып кеткен.

Полиция басшысы тұтқындар абақтының ішінен сыртқа қарай тесіп жасалған үңгір арқылы қашып шыққан. Қашқындардың қатарында талибан жауынгерлері, есірткі тасымалы үшін сотталғандар және кішігірім қылмыстармен отырғандар бар.

13-ші тұтқын қашып бара жатқан жерінен ұсталған. Оның сөзіне қарағанда, тұтқындар туннелді 10 күн бойы қазып, түрмеден ақырындап бір түннің ішінде бәрі қашпақшы болған.

Фарах провинциясындағы 80 адамға арналған түрмеде 300 –ден аса сотталған отыр.