Ресейде пойыз апатынан қаза болғандардың саны өсті

Ресей денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, өткен аптадағы пойыз апатынан құрбан болғандардың саны 26-ға жеткен. Бүгін Мәскеудегі ауруханада бір әйел көз жұмған. Жұма күнгі пойыз апатынан кейін ондаған адам ауруханаға жеткізілді.

Мәскеуден Санкт-Петерборға аттанған пойыздың апатқа ұшырауына бомба жарылысы себеп болған. Бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.