Желтоқсанның 1-нен бастап Еуропа Одағының Лиссабон реформалық келісімі күшіне енді. Чехия бұл келісімді қараша айында мақұлдаған Еуропа Одағының соңғы 27-ші елі болды.
Бұл келісім одақтың біріккен жетекшілігін күшейтіп, сыртқы саясатын нәтижелі етіп, Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы шешім қабылдау жүйесін қалыптастырады.
Айта кетерлік жайт, бұл келісім бойынша ЕуроОдақ жетекшілері кеңесінің президент лауазымы құрылады.
Одақ жетекшілері Бельгия премьер-министрі Херман ван Ромпейді Еуропа Одағының президенті етіп сайлады. Ол қаңтар айының 1-нен бастап қызметіне кірісуі керек.
Британиялық Кэтрин Эштон Еуропа Одағының сыртқы істері бойынша жоғары өкілі болып ұсынылған.