Обама Ауғанстанға 30 мың сарбаз жіберетінін хабарлады

АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы соғысқа қосымша әскер жіберетінін хабарлады. Ол сондай-ақ американдықтардың Ауғанстаннан шығу стратегиясын жариялады. Оған сәйкес, АҚШ бұл елден әскерилерін 18 айдан кейін шығара бастайды.

Сейсенбі күні түнде Нью-Йорк штатындағы Уэст-Пойнтта орналасқан АҚШ әскери академиясында сөйлеген сөзінде Обама Ауғанстанға 30 мың сарбаз жіберетіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар ол АҚШ әскерилері 2011 жылдың жазында үйлеріне орала бастайды деп атап көрсетті.