Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы Алакөл көлінің жағалауында желтоқсанның 6-сы күні 18 сағат 33 минутте жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазақстан сейсмология институтының дерегі бойынша, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 542 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің дүмпуі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Көктал елдімекенінде, Бұқтарма су қоймасы ауданында сезілген. Өскеменде күші 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелген.
«Жер сілкінісінен құрбан болғандар немесе дүние-мүліктің қирағаны туралы ақпарат түскен жоқ», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.