Өскеменде әкімшілік ғимаратынан құлаған мемлекеттік қызметкер қайтыс болды

Өткен сенбі күні түсте Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі ғимаратының бесінші қабатынан әкімнің бірінші орынбасарының көмекшісі құлады деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.

Мекеменің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, әкімшілік қызметкері М. Қасенжанов көп ұзамай ауыр жарақаттың салдарынан ауруханада қайтыс болған.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.