Лахордағы жарылыстан 46 адам қаза болды

Пәкістанның Лахор қаласында тіркелген жарылыстан кемінде 46 адам қаза тапты. Хабарларға қарағанда, 90-ға жуық кісі жараланған.

Бомба адамдар көп шоғырланған базарда жарылған. Қастандық әрекетті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бұған дейін Пешавар қаласындағы сот ғимаратында жарылыс болып, жанкештінің шабуылынан 10 кісі қаза болған еді.