Пермьдегі өрттің құрбандары 117-ге жетті

Ресейдің Пермь қаласындағы түнгі клубтан шыққан өрттен қаза болғандардың саны 117-ге жетті. Дүйсенбі күні түнде қалалық ауруханада тағы төрт кісі жан тапсырған.

Ресей премьер-министрі Владимир Путин қаза болғандардың туған-туыстарына 500 мың рубльден берілетіндігін хабарлады.

Өткен сенбі күні тіркелген өрт клуб ғимаратында пиротехника пайдаланғаннан шыққан деген болжам жасалды. Клубтың басшылары тұтқындалды.