Ресей өрт құрбандарының отбасына 17 мың доллар өтемақы береді

Сейсенбіге қараған түнде Пермдегі өрттен жарақат алып, Ресей ауруханаларында жатқандардың төртеуі көз жұмды.

Сонымен өткен аптада түнгі клубта шыққан өрттің құрбандары 117-ге жетіп отыр. Ресей премьер-министрі Владимир Путин алапат өрт болған Пермь қаласына барды.

Жергілікті басшылармен өткізген төтенше жиындарында Путин өрт құрбандарының туыстарына өтемақы ретінде 500 мың рубль, яғни 17 мың доллар беруге сөз берді.

Полиция өрт қауіпсіздігіне қарсы шаралар қамтылмаған деген айыппен ол түнгі клубтың иесі мен екі атқарушы жетекшісін қамауға алды.