Пхеньян елде доңыз тұмауы таралғандығын растады

Солтүстік Корея H1N1 вирусының елде таралғандығын алғашқы рет мойындады. Ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі Қытаймен шекаралас қала мен Пхеньянда 9 адамның доңыз тұмауына шалдыққанын растаған.

Осыдан бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті Ли Мюнг-бак егер Солтүстік Кореяда доңыз тұмауы фактілері расталса, онда оған көмектесеміз деп мәлімдеген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қарашаның аяғында әлемде кемінде 8768 адамнан H1N1 вирусы табылған.