Украина және Ирақ әскери техника туралы келісімге келді

Украина Ираққа шамамен екі жарым миллиард доллардың қару-жарағын жеткізетін болды. Бұл туралы Украинаның қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитетінің басшысы Анатолий Гриценко мәлімдеді.

Гриценконың айтуынша, Киев және Бағдат тиісті келісімге келген. Ол бойынша Украина 400-ден астым бронды көлік және алты әскери-көлік ұшағын Ираққа жеткізеді.