Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдаланушылардың салығын ұлғайтуды көздейді

Қазақстан жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық көлемін металл бағасы көтерілген кезеңде ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімов Астанада тау-кен саласы жұмысшыларының ІІ-ші съезінде мәлімдеді.

Сонымен бірге, Мәсімов «бұл мемлекеттің ұстанымы» деп атап көрсетті.