Медведев Копенгагендегі конференцияға қатыспақ

Кремльдің хабарлауынша, Ресей президенті Дмитрий Медведев Копенгагендегі ауа-райының өзгеруіне қатысты өтіп жатқан конференцияға қатыспақ. Медведев Дания астанасына 17-18 желтоқсанда барып, шетел мемлекеттерінің жетекшілерімен және басқа да ресмилермен кездеседі деп күтілуде.

Копенгагендегі конференцияға шамамен 200 елдің өкілдері жиналып отыр.