1994 жылы 11 желтоқсанда Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельцин Қорғаныс министрлігі бөлімдерінің және ІІМ ішкі әскерінің Шешенстанға енуіне негіз болған қаулыға қол қойды.
Хабарларға қарағанда, Шешенстандағы соғыста екі жақтан да әр жылдары 90-135 мың адам қаза болған, соның 30 мыңы – сарбаздар.
Шешенстанға әскер енгізілген күннің 15 жылдығы қарсаңында оппозициялық ұйымдардың белсенділері Мәскеуде пикет өткізді. Наразылық акциясы барысында «Бірлескен азаматтық майдан» ұйымының өкілі Лолита Цария «Шешенстанда соғыс әлі жүріп жатыр, қазір ол - партизандық соғыс» деп мәлімдеді.