Пермдегі клубты тексеруге жауапты өрт сөндіруші инспекторға қарсы іс қозғалды

Пермдегі өрттен қаза болғандардың саны 139-ға жетті, ауруханада 91 адам қалды деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі. Бүгін түнде Мәскеудегі жедел жәрдем ауруханасында тағы үш кісі көз жұмды.

Пермь аймағының прокуратурасы «Хромая лошадь» түнгі клубының өртке қауіпсіздігін тексеруге жауапты аймақтық мекеменің басшылары мен инспекторына қарсы қылмыстық іс қозғады.

Ресей президенті Владимир Путин 5 желтоқсанда тіркелген өрттен қаза болғандардың туған-туыстары және зардап шегушілерге көмек көрсету туралы қаулыға қол қойды.