Ирақта 10 ірі мұнай көзін өндіруге тендер өтеді

Ирақта он ірі мұнай кенішін өндіруге арналған екі күндік тендер басталады.

Саудаға Батыс елдерінің, Ресейдің, Қытай және Үндістанның 44 мұнай компаниясы қатысады. Олардың арасында Exxon Mobil, Royal Dutch Shell, Chevron және басқа да ірі фирмалар бар.

Мұнай қоры бойынша Ирақ әлемде, Сауд Арабиясы және Ираннан кейін, үшінші мемлекет саналады.