БҰҰ-ның Ауғанстандағы жоғары лауазымды өкілі Кей Эйд қызметінен кететінін мәлімдеді. Норвегия ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Эйд БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-муннан өзінің орнына басқа адамды іздестіруін сұраған. Эйдтың бұл лауазымындағы мерзімі бірнеше айдан кейін аяқталуы тиіс болатын.
Ол 2008 жылдың наурыз айында Ауғанстандағы БҰҰ миссиясының басшысы етіп тағайындалған болатын. Эйд Ауғанстандағы даулы сайлауға байланысты сынға алынған еді. Ол өзінің қызметінен кету жөніндегі шешімін әлгі сыни мәлімдемелермен байланыстырмайтынын айтты.