Пәкістанда күдікке ілінген АҚШ азаматтары елден шығарылуы мүмкін

Пәкістан полициясының айтуынша, лаңкестік байланыстарында айыпталып, тұтқындалған американдық мұсылмандар депортациялануы мүмкін. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жергілікті полиция басшысы Жавед Ислам ұсталған 5 АҚШ азаматына қарсы әлі қылмыстық іс қозғалмады деген.

АҚШ қауіпсіздік ресмилері Пәкістан полициясымен бірге әлгі бес азаматтан жауап алды.