Ауғанстанда екі британдық әскер қаза тапты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясында орын алған жанкештілік шабуылдан 2 британдық 2 ауған әскері мерт болды.

Хабарларға қарағанда, екі жанкешті мотоциклмен келіп Сангин ауданында өздерін жарып жіберген.

Бұл шабуыл Ауғанстанға жаңадан британиялық жүздеген жасақ жеткізіліп, Британия үкіметі бұл елдегі операцияларға қолдау ретінде 22 тікұшақ алып беретінін жариялаған тұста болып отыр.