Бейжіңдегі көліктер саны 4 миллионға жеткен

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары жазып жатқандай, ел астанасындағы көліктер саны 4 миллионға дейін жеткен. Бұл ауаның ластануын күшейтеді деген қауіп тудырып отыр.

"China Daily" ресми басылымының айтуынша, Бейжіңде тіркелген көліктер саны 3,99 млн. болып, күніне 1 мыңға ұлғайып отыр.

Онда қалалық басшылық Бейжіңде көліктің көбеюі ауаны ластап, көлік қозғалысын қиындатады деп алаңдап отыр.

Қытай ауаға зиянды газдар шығаратын әлемдегі ең үлкен ел.