Обама Копенгаген саммитінде сөз алды

АҚШ президенті Барак Обама әлем жетекшілері ғаламдық жылынудың алдын алуға күш салуы керек деп айтты. Ол барлық елдер ғаламдық климат келісімімен мықты, қауіпсіз және көбірек қорғалған бола алады деді.

Әлем жетекшілері тіпті дайын болмаса да, ауа-райының өзгеруіне қатысты келісімді қабылдауы керек деп ескертті.

Обама Құрама Штаттар газ эмиссиясын азайту жөніндегі өз міндеттемесін орындайтын болады дей келе, басқа елдер де газ эмиссиясын қалай азайтып жатқанын ашық көрсету керек деді.

Ол басқа да әлем жетекшілерімен бірге Копенгагендегі БҰҰ-ның ғаламдық жылыну мәселесіне арналған саммитіне қатысуда. Жұма күнгі отырыста ауаға улы газ көп бөлетіндердің тағы бірі Қытай елі де сөз алады.

Екі аптаға созылған келіссөздер кедей елдер мен дәулетті елдер арасындағы пікірқайшылықтарға байланысты тұралап қалған.

Бірақ әлем жетекшілері мен жетекші ресмилер ауа райының жылынуына қатысты келісім жасауда бір мәмілеге келуге жақын қалған. Ресмилердің айтуынша, 100-ден аса елдің басшысы жұма күнгі саммитте талқылайтын декларация мәтіні жасалып қойды.