Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің ортақ кедендік кодекс жобасы дайындалып, дүйсенбі күні Астанада таныстырылымы өтеді.
Бұл туралы ҚазТАГ агентігі Қаржы министрлігіндегі кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Осыған дейін қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдегендей, үкімет қаңтар айында кодекс жобасын парламенттің қарауына ұсынады. Бұл құжат алдағы жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді деп жоспарланған.
Оған дейін Кеден Одағының елдеріне жаңа кодекске сәйкес, бірқатар ішкі заңдарына өзгерістер енгізуі керек болады.
Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағы 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан құрылып, бұл кеңістікте бірыңғай кедендік тариф күшіне енуі керек.
Ал толық түрде Кедендік одақ 2010 жылдың шілдесінен бастап әрекет ете бастайды.