Ядролық талқылаулар қаңтар айында қайта жанданады

Ресей АҚШ-пен қарусыздану жөніндегі жаңа келісімдерге қатысты ядролық келіссөздердің қаңтар айында қайта жалғасатынын айтты.

Ресей президенті Дмитрий Медведевпен жұма күнгі кездесуден кейін АҚШ президенті Барак Обама мерзімі 5 желтоқсанда өтіп кеткен қарусыздану жөніндегі жаңа келісімдер бойынша бір мәмлеге келуге тараптардың екі жағы да жақын деп атап көрсеткен.

Обама сонымен қатар құжаттың өзгеріс, толықтырулары уақытылы болатынына үміттенетіндігін білдірген.