Қарағанды облысындағы көлік жолдары аязға байланысты жабылды

Қарағанды облысында, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, Қарағанды-Балқаш аралығындағы автокөлік қозғалысы және Атасу-Жезқазған аймағында көліктің барлық түрлерінің жолдары жабылды.

Қарағанды-Астана автожолында жолаушы көліктеріне жүруге тыйым салынды.

Сейсенбі күні Қарағандыда қар борап тұр, ауа температурасы 25 градус суықты көрсетті.