Түркменстан Ресейді газбен қамтамасыз етуге келісті

Ашхабад пен Мәскеу құбырда болған жарылыстан кейін тоғыз ай тоқтап қалған түркмен газын 10 қаңтардан Ресейге жөнелту жөнінде келісімге келді.

Келісімге бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Түркменстанға сапары барысында қол қойылды.

Ресейдің тұтынуына жылына 30 миллиард текше метр берілетін болды.

Медведевтің Түркменстанға сапары осы айдың басында түркмен газын Қытайға жөнелтетін жаңа құбырдың ашылуынан кейін жасалып отыр.