Литва парламенті: Орталық барлау басқармасының құпия түрмелері болған

Литва парламенті жүргізген тергеу-тексерулер елдің барлау қызметі АҚШ-ң Орталық барлау басқармасына Балтық елдерінің территориясында құпия түрмелер ұстауға көмектескендігін анықтап берген. Дегенмен де олдардың терроризм айыбымен ұсталғандардан жауап алуға пайдаланылған - пайдаланылмағаны белгісіз.


Литва парламентінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің баяндамасында 2002 және 2004 жылдары елдің барлау қызметі ОББ-на 9 тұтқынды ұстау үшін екі нысанды бергендігі айтылады.


Тергеу-тергеу амалдарын жүргізген комитет елдің жоғары билігі бұл жөнінде білмеген деп есептейді.

Сол жылдары Литваны басқарған бұрынғы президент Валдас Адамкус елде ешқандай құпия түрмелердің болмағанына сенімді болғанын айтқан сейсенбі күні.