Ресейдің темір кеніндегі жарылыстан 6 адам қаза тапты

Ресейдің Свердловск аймағындағы темір кенінде жарылыс болып, одан 6 кенші қаза тапты, тағы үшеуі табылмай жатыр.

Ресейдің ақпарат агенттіктері жазып жатқандай, Нижний Тагил қаласындағы шахтадағы жарылыс кезінде 134 кенші болған.
Олардың 125-і құтқарылған.

Мұндай апат осы шахтада қаңтар айында да орын алған.