Қырғызстанда жер сілкінді

Бейсенбі күні Қырғызстанда күші 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Жер дүмпуінің ошағы Талас қаласынан 35 шақырым жерде тіркелді.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген.