ХАМАС Израильдің шартымен келісті

ХАМАС ислам қарсылық қозғалысы 100-ден астам палестиналықтың тағдырына қатысты Израиль ұсынған шарттарға келісті.

Тель-Авив ұсынысы бойынша, 97 сотталушы Газа секторына көшіп бару құқығына ие болады, тағы 20 кісі Қатарға, басқалары өздерін қарсы алуға ниет білдірген еуропалық елдердің біріне жіберіледі.

Бұған дейін ХАМАС Израильден мыңға жуық арабты түрмеден босатуын талап еткен болатын. Ал Израиль билігі болса түрмеден босатылғандардың Газа секторына қоныстануына қарсы шыққан еді.