Қазақ омбудсмені тайландтық әріптесіне қайрылды

Қазақстан омбудсмені Асқар Шәкіров тайландтық әріптесіне қайрылып, қару-жарақ тасыған ұшақпен ұсталып, тұтқында отырған төрт Қазақстан азаматының жағдайын әділ қарауға шақырды.

Шәкіров бұл істі қарауда адамгершілік, адам құқықтары мен еркіндігі ескеріледі деген үмітін жеткізген.

Ил-76 ұшағы Солтүстік Кореядан шығып, Шри Ланкаға бара жатқан жолда Бангкокта жанармай құюға тоқтағанда ұсталған. Оның ішіндегі төрт ұшқыш заңсыз 35 тонна қару тасыды деген айыппен қамауда отыр.