Қытай соты диссидент Лю Сяобоны 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Диссидентке «мемлекеттік билікті құлату мақсатында арандатушылық әрекет жасаған» деген айып тағылды.
Үкім үш сағатқа созылған сот мәжілісінің соңында шығарылды.
1989 жылы Тяньаньмэнь алаңында студенттердің наразылық шерулеріне қатысушы Лю ғалым және үкіметтің белсенді сыншысы ретінде танымал.
Бұған дейін Лю адам құқығын қорғаушылардың демократия мен азаматтық қоғамның сақталуын Қытай билігінен талап еткен мәлімдемесі - «Хартия 08» жарыққа шығардан бір күн бұрын, 2008 жылы желтоқсанда ұсталып, үй қамауына жабылған еді.
Еуропалық Одақ және АҚШ қытай билігінен әйгілі диссидентті бостандыққа жіберуін талап етті.