Чаушескудің жазаланғанына 20 жыл толды

Бүгін Румыниядағы коммунистік режимнің диктаторы болған Николае Чаушеску мен оның әйелі Еленаның атып өлтірілгеніне 20 жыл толды. Чаушеску Румынияны 25 жыл басқарғанда саяси қуғын-сүргіні көп әрі халық жоқшылықтың азабын тартқан коммунистік ел болды.

Ресми мәліметтерге қарағанда, 1989 жылдағы желтоқсан айының ортасында Тимишуарада басталған көтеріліс кезінде қауіпсіздік күштері 1,100 адамды өлтірген. Осыдан кейін тезарада әскери сот шешім шығарып, Рождество мерекесінде Чаушеску мен оның әйеліне шығарылған сот үкімі орындалды. Румыния Еуропа Одағына 2007 жылы қосылды.