Ирақтағы жарылыстан 5 шиит қаза тапты

Ирақтың солтүстік-шығысындағы қаласында орын алған жарылыстан кемінде 5 шиит ғибадатшысы құрбан болып, 15-тен аса кісі жарақат алды.

Олар Ашура мерекесінде 7-ші ғасырда өлтірілген Мұхаммед ғ.с пайғамбардың немересі имам Хуссейнді еске алу шарасын өткізеді.

Осы аптада Ирақта бірнеше шабуылдар болып, ондаған адам қаза тауып, жүз шақтысы жараланды.

Шииттердің қасиетті қаласы Кербаладажүздеген мың адам жиналып, Ашура мерекесін тойлап жатыр. Бұл қалада қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге 20 мың әскер тартылды.