Ауғанстанда осы жылы АҚШ әскері екі есе көп қаза тапқан

Ауғанстанда 2009 жылы қаза тапқан американдық әскерлер саны екі еседен артып отыр. Франциялық AFP ақпарат агентігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылмен салыстырғанда, осы жылы құрбан болған АҚШ әскерінің саны көбейген.

Жексенбі күні НАТО басшылығы хабарлағандай, Ауғанстандағы жол бойына қойылған бомба жарылысынан осы жылдағы 310-шы американдық сарбаз мерт болды. Өткен жылы Ауғанстанда қаза болған АҚШ әскерилері 155 болған.

Осы жылы Ауғанстанда опат болған халықаралық күштердің саны 500-ден асқан.