Пәкістандағы жарылыстан бір шенеунік отбасымен қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-шығысында бір үй жарылып, үкімет мүшесі Сарбраз Садиқи мен оның бала-шағасы түгелімен қаза тапты.

Куррам ауданындағы бір үйдің алты адамы құрбан болған жарылыс талибан содырларына қарсы күрес жүріп жатқан аймақта болып отыр.

Әзірге бұл жарылысқа жауапкершілікті ешкім алмады.