Беларусь интернетке бақылауды күшейтуде

Беларусь президенті Александр Лукашенко интернет пен вебсайт пайдаланушыларды бақылауды күшейтіп отыр.

Сәрсенбі күні Лукашенко интернет сайтына өтірік пен лас тақырыптарды шығарғандар жазалануы керек деген.

Оның журналистерге айтуынша, сейсенбі күні ұсынылған интернет туралы жаңа жобасы ғаламторды пайдаланушы әрбір адамды тіркеуден өткізіп, тіпті интернет кафелерге барушылардың да сайттарға шығарғандарын анықтайтын болады.