Финляндияда атыс жасаған күдіктінің мәйіті табылды

Финляндия полициясы 4 адамды атып өлтірген күдікті өзінің нақсүйерін де өлтірген деді. Эспоо қаласындағы сауда орталығында адамдарға оқ жаудырған 43 жастағы Ибрахим Шкуполлидің мәйіті үйінен табылған. Полиция ол өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Шкуполлидің атысынан бір әйел адам, үш ер азамат және бұл шабуылдаушының жүретін қызы қаза тапты. Эспоо қаласының полициясы қандықолдың мәйітін басқа пәтерден тапқан.

Жергілікті баспасөз Шкуполли Косовоның этникалық албаны екенін жазуда.