14 мемлекеттің азаматтары АҚШ-қа ұшар алдында тексеріледі

АҚШ-қа ұшатын жолаушыларын жеке тексеруден өткізуі тиіс мемлекеттердің тізімі жарияланды.

Арнайы тізімде 14 мемлекет көрсетілген: Куба, Иран, Судан, Сирия, Ауғанстан, Алжир, Ирақ, Ливан, Ливия, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сомали және Йемен.

АҚШ-қа ұшатын басқа да жекелеген шетелдіктер арнайы сканерлік бақылаудан өткізілуі мүмкін.

Американың көліктегі қауіпсіздік жөніндегі басқармасы жариялаған жаңа шаралар Нигерия азаматының жақында американдық лайнерді жарып жіберуге талпынысынан кейін қабылданып отыр.