Дипломаттар қауіпсіздік шараларына орай Йемендегі АҚШ пен Британия елшіліктері екінші күн жабық тұрғанын айтады.
Жексенбі күні АҚШ президенті Барак Обаманың террорға қарсы күрес мәселелері бойынша кеңесшісі Джон Бреннан Йеменде әл-Қаиданың бір бөлімі шабуыл жасауы мүмкін деп айтқан болатын.
Обама Йемендегі әл-Қаида бөлімшелерін Рождество күні американдық ұшақты жарып жібермекші болған лаңкестерді жаттықтырып, қаруландырып отыр деп айыптаған болатын.