Иран президенті Түркменстанда жаңа газ құбырын ашады

Иран президенті Махмұд Ахмединежад Түркменстандағы екі күндік жұмыс сапары барысында екінші түркмен-иран газ құбырының ашылу салтанатына қатысады.

Ресми мәлімет бойынша, құбыр жыл сайын 6 миллиард текше метр түркмен газын Иранға жеткізіп отырады. Екі ел арасындағы алғашқы газ құбыры 1997 жылы ашылған болатын.

Иран президенті сапар барысында Түркменстан басшысы Гурбангұлы Бердімұхамедовпен кездеседі.