Дүйсенбі күні Нью-Йорк биржасы жабылар қарсаңда шикі мұнайдың бір баррелі 82 долларға дейін жақындады. Сөйтіп соңғы бір жылдан астам уақыт ішінде мұнайдың бір баррелі 2 доллардан аса қымбаттады.
Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының күрт көтерілуіне АҚШ долларының әлсіреуімен қатар Америка мен Еуропада және Азияның кейбір аймақтарында қыстың қаһарына мініп тұрғаны да әсер еткен.
Сондай-ақ талдаушылар инвесторлардың Ресей мен Беларусь арасындағы мұнай тасымалы дауына да назар аударғандығын айтады.
Дүйсенбі күні кешке қарай Ресей Беларустың өңдеу зауыттарына мұнайдың қайта жөнелтіле бастағанын айтты.