БҰҰ Сомалидегі жұмысын тоқтата тұрмақшы

ББҰ-ның бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы әл-Қаидамен байланысы бар бүлікші топтардан қатер болғандықтан, Сомалидің оңтүстігіндегі жұмысын тоқтататын болып шешті.


Азық-түлік бағдарламасы агенттігінің өкілдері көтеріліс қимылдарының етек алуы аймақтағы бір миллиондай адамға азық-түлік көмегін көрсету мүмкіндігінен айырып отыр деп атап көрсеткен.


Сомали 1990-шы жылдардан бері орталық үкімет билігінің ықпалынан тыс қалған, әсіресе елдің оңтүстік аймағы исламдық әл-Шабааб радикалды тобының бақылауында.


Вашингтон әл-Қаидамен байланысты деп есептейтін осы топ өткен апталарда БҰҰ-ның құрылымдарына бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған болатын.