Ирандықтарға 60 шетелдік ұйымдармен жұмыс істеуге тыйым салынды

Иран үкіметі ел азаматтарына шетелдің бірқатар ұйымдары мен ақпарат агенттіктерімен жұмыс істеуге тыйым салып отыр. The Telegraph агенттігінің хабарлауынша, Иран барлау қызметі басшыларының бірі жариялаған тізімдегі 60 шетелдік ұйымдардың арасында британдық ВВС телерадиокорпорациясымен, «Америка дауысы» радиостанциясы, Human Rights Watch халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы, американдық «Демократия үшін ұлттық қор» (National Endowment for Democracy), американдық миллиардер Джордж Соростың «Ашық қоғам институты» (Open Society Institute) және өзгелері бар.

Иран барлау басқармасының мәлімдемесінде аталған ұйымдар Ирандағы соңғы президенттік сайлаулардан кейін орын алған толқуларға ықпал еткендер ретінде аталады.