Ресей күштері Дағыстанда бүлікшілермен атысты

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің жасақтары Дағыстан астанасы Махачкаладан 15 шақырымдай жерде екі бүлікшіні қолға түсірді.

Ресейдің ақпарат құралдары ол содырлар тобы қауіпсіздік күштеріне оқ атып, кейін ғимаратты қоршап алған күштерге берілген деп хабарлады.

Осыдан бір күн бұрын Махачкала маңында бір жанкешті жарылыс жасап, одан 6 полиция қызметкері мерт болып, 14-і жараланған еді.