Австралияда үндістандыққа қатыгез шабуыл жасалды

Австралияның Мельбурн қаласында белгісіз бір топ 29 жастағы үндістандықты тірідей өртемек болған.

Ол азамат әйелімен үйіне қайтып келе жатқанда, бір топ жас оларды қоршап алып, үстіне жанармай құйып, өрт қойған. Ол үндістандық ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Осыдан бір апта бұрын Мельбрунда үндістандық студентке пышақ салып кеткен. Австралиядағы үндістер қауымдастығы елде нәсілшілдік жеккөру өсе түсті деп отыр.