Пәкістанда әуе соққысынан 4 адам қаза болды

Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аймағында АҚШ-тың пилотсыз ұшағы деп күдіктелген зымыран соққысынан жұма күні төрт адам қаза тапты.

Хабарларға қарағанда, тасталған екі зымыранның бірі Миран Шах елді-мекеніндегі үйге түссе, екіншісі көлікті жарған.

Бұл желтоқсанның 30-да шекаралас Ауғанстандағы базада жанкештінің шабуылынан АҚШ-тың Орталық барлау орталығының 7 агенті қаза тапқаннан бері Пәкістанда орын алып отырған 6-шы әуе соққысы.

Құрама Штаттар әскерилері бұл соққыларға байланысты немесе нысанаға алған аймақтары туралы хабар таратпады.