Ирақ сайлауға 15 партия қатыса ала ма дегенді шешу керек

Ирақтың сайлау комиссиясының өкілі наурыз айында өтетін сайлауға 15 саяси партияның түсуін шектеу керек пе, жоқ па деген мәселе бірнеше күннің ішінде шешілетін болады деді. Өйткені ол тыйым салынған партия жетекшілерінің бұрынғы диктатор Саддам Хуссейнмен байланысы болған деп айтылады.

Судья Қассим әл-Уббодидің айтуынша, сайлау комиссиясы өзінің шешімін жариялаған соң кандидаттардың ол шешімге апелляциялық шағым түсіруіне үш күні болады.

Ирақта азшылық сүнниттер мен басым халықты құрайтын шиит мұсылмандары арасында діни жікшілдік қақтығыстары жиі орын алып келеді. Сүнниттердің белгілі саясаткері Салех әл-Мутлақ өзінің танымалдылығы шииттер үстемдік құрған үкіметке қауіп төндірді деп нысанаға алынғанын айтып отыр.