Таиландта ұсталған ұшқыштардың ісі прокуратураға тапсырылды

Таиландта желтоқсанда ұсталған Ил-76 ұшағының экипаж мүшелеріне қатысты тергеу аяқталып, прокуратураға тапсырылды деп хабарлайды таиландтық The Nation газеті.

Төрт қазақстандық пен Беларусь азаматынан құрылған экипажға қаруды заңсыз тасымалдады және ұшақ бортындағы жүк жөнінде билікке хабардар етпеді деген айыптар тағылды. Ил-76 ұшағының экипаж мүшелері бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қамауға алынған қазақстандық ұшқыштар президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдап, олардың жағдайына араласуын сұраған болатын.