БҰҰ басшысы Гаитиге көмекті тездетуге уәде берді

Гаитидегі зілзала соңғы жылдардағы ең ірі гуманитарлық дағдарыстың біріне айналды деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Жексенбі күні ұйым басшысы зілзаладан зардап шеккен Гаитиге барды.

Пан Ги Мун тұрғындарға халықаралық қауымдастық ұйымдастыратын гуманитарлық операцияларды жеделдетуге уәде берді. Гуманитарлық жүкті жеткізу ісі Гаити астанасы – Порт-о-Пренс қаласы мен оған жақын елді-мекендерде инфрақұрылымның толық қирауына байланысты кешеуілдеп жатыр.

БҰҰ мәліметі бойынша, Гаитиде екі миллионға жуық тұрғын жедел жәрдемді қажетсініп отыр.