Талибан шабуылынан кейін Кабулда қауіпсіздік күшейтілді

Бүгін Кабулдағы қауіпсіздік күштері талибан шабуылдарынан кейін өте жоғары дайындықта отыр.

Дүйсенбі күні ел астанасының орталығындағы президенттік сарай мен басқа да үкіметтік мекемелерге талибан жасақтары шабуылдар жасап, кемінде 12 адамның өмірін қиды. Оның жетеуі бүлікшілер болса, қалған құрбандар қауіпсіздік күштері болып, тағы 70 шақты адам жараланды.

НАТО қолдауындағы Ауған күштері қақтығыстан кейін Кабулға бақылауды қайта алды.